Нью-Йорк. 6 қазан. 7kun.kz - Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы ретінде Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антониу Гутерреш тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап, Дождь сайты хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, БҰҰ-ның тұрақты мүшелері Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және АҚШ Гутеррешқа қарсы дауыс бермеген.
Айта кетейік, сәрсенбі күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі ұйымның бас хатшысы қызметіне кандидитураны таңдау бойынша алтыншы рет формальды емес дауыс берді.
Антониу Гутерреш 1992-2002 жылдар аралығында Португалияның Социалистік партиясының бас хатшысы қызметін атқарды. 1995-2002 жылдары осы елдің премьер министрі болды. 2005 жылдан бастап БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары.