Экономика
Бүгін Қазақстан ДСҰ-ға кіреді
Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің туиттердегі парақшасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Женеваға ұшып кеткені туралы хабарлама жариялады.
"Қазақстан 27 шілде күні ДСҰ-ға (Дүниежүзілік сауда ұйымы) ресми түрде кіретін болады. Бүгін Н.Назарбаев Женеваға аттанды", - деп жазады Тоқаев.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне қатысты келіссөздер 20 жылдай уақытта жүргізіліп, осы жылдың маусымында аяқталды.
1996 жылдың 29 қаңтары күні Қазақстан ДСҰ-ға мүше болу туралы өтінімін жіберген. Бүгінде 21 ел ұйымға мүше болуға келісімдер жасасуда. Оның ішінде, Әзірбайжан, Белорусь, Өзбекстан бар. Ресей аталған ұйымға 2012 жылы қосылған.
"Біздің тұрғындарымыздың 40 пайызы ауылдық жерде тұрады. Олардың күнделікті табысы мен жұмыспен қамтылуы ауыл шаруашылық саласындағы жетістерімізге тығыз байланысты. Сол себепті ауыл шаруашылығын субсидиялау көлеміне байланысты айтар болсақ, барлығы қажетті нормалар бойынша жасалып жатыр", - дейді экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова.