Экономика
Выбор редактора
"Бәйтерек" холдингі 2014 жылы таза пайдасын 41%-ға арттырды
2014 жылдың қорытындысы бойынша "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 41,6414 млрд теңге таза пайда тапты, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 41,4%-ға артық. Бұл туралы холдингтің ХҚЕС (халықаралық қаржы есебінің стандарттары) бойынша қаржылық есебінен мәлім болды.
Салықтың есептен шығарылғанына дейінгі компания пайдасы 32,6%-ға, 51,915 млрд теңгеге дейін өсті.
Холдинг актвитері 24,7%-ға артып, 3,324 трлн теңгені қамтыды, ал міндеттемелер 28%-ға, 1,525 трлн теңгеге дейін жеткен. Жарғылық капитал 8,3%-ға, 718,319 млрд теңгеге дейін артты.