Экономика
Выбор редактора
"Бәйтерек" холдингі мен "SREI Infrastructure Finance" үнді компаниясы бірлескен жобаларды іске асырады
"Бәйтерек" холдингі және «SREI Infrastructure Finance» үнді компаниясы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда ынтымақтастық орнатуға келісті деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.
Үндістанның премьер-министрі Нарендр Модидің Астанаға сапары алдында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді. Уағдаластықты Өзара түсіністік туралы меморандумында бекіту жоспарланады, құжат егжей-тегжейлі қарастырылғаннан кейін, оған «Бәйтерек» холдингі мен «SREI Infrastructure Finance» компаниясының басшылығы қол қояды.
Атап айтқанда, тараптар экономикалық ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында инфрақұрылымдық даму мәселелері бойынша компаниялар арасында ақпаратпен алмасуға, сондай-ақ тұрақты негізде консультациялар жүргізуге, ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалы мәселелерін талқылауға қатысты келісімге келді.
"Жалпы, 2014 жыл табысты болды. Біздің активтеріміз - 12,7 млрд. долларды, табысымыз - 934,6 млн. долларды, таза кіріс - 223,7 млн. теңгені құрады. Fitch Ratings және S&P халықаралық рейтинг агенттіктері Бәйтерек холдингіне "BBB+" және "BBB" ұзақ мерзімді кредит рейтингтерін берді. Өткен жылы бір 15 кәсіпорынды пайдалануға тапсырдық, оның нәтижесінде шамамен 2 400 жұмыс орны ашылды", - деп мәлімдеді Қазақстан-Үндістан бизнес форумында "Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасының орынбасары Алина Алдамберген.
2014 жылы Холдинг халықаралық қаржы ұйымдары мен банктер арқылы 2,2 млрд доллар шетелдік инвестиция жұмылдырды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат