Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Бәйтерек" пен CITIC Group құны 600 млн долларлық қор құрады

"Бәйтерек" пен CITIC Group құны 600 млн долларлық қор құрады

"Бәйтерек" басқарушы холдингі мен қытайлық CITIC Group жалпы капиталы 600 млн доллар болатын  Kazakhstan Infrastructure Fund атты ортақ қор құрады. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Бәйтерек" холдингінің төрағасы Қуандық Бешімбаев және  «CITIC Group» директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чженьмин арнайы келісімге қол қойды. Құжат бойынша, екі ұйымда қор шығындары үшін 125 млн доллар бөлуі қажет. Бұдан бөлек, CITIC Group 200 млн доллар көлемінде қаржы тарту туралы міндеттемеге ие болды. Kazakhstan Infrastructure Fund қорының басты мақсаты - инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салу. Екі жақ Қазақстан жобаларына 300 млн доллардан кем емес қаржы бөлу керектігіне келісті. Осыған дейін Қазақстан президентінің Қытайға сапары барысында 11 құжатқа қол қойылды деп хабарланған еді. «Eurasian Resources Group» корпорациясы және Қытай мемлекеттік даму банкі арасында, «Бәйтерек» холдингі мен «СИТИК Групп» тобы және Масалы тау-кен комбинаты мен Қытай экспорт-импорт банкі арасында инвестиция және индустриаландыру облысындағы әріптестікті нығайту туралы келісілді. Сондай-ақ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен Қытай халықаралық туризм бюросы, «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі мен «Жібек жолы» қоры индустриалды-инновацияық жобалар үшін инвестициялық қор құру туралы меморандумға қол қойды.

Похожие материалы