Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Бәйтеректегі" жемқорлыққа заң жүйесінің әлсіздігі себеп

"Бәйтеректегі" жемқорлыққа заң жүйесінің әлсіздігі себеп

Астана. 9 ақпан. 7kun.kz - Мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ-дағы қылмыс жасады деп күдіктеліп отырған топтың қандай жемқорлық жүйесі арқылы жұмыс істегендігін анықтады. Ведомство басшысы Қайрат Қожамжаровтың сөзінше, заңның толық жетілдірілмеуі қаржының ұрлануына себеп болып отыр. 

"Бірнеше қылмыстық істі ашқаннан кейін еліміздің түрлі сфераларында жұмыс істеген коррупциялық жүйені анықтаймыз. Мысалы, ұзақ уақыт бойы Ұлттық қордағы қаржыны жымқырумен айналысқан топты ашқаннан кейін, қандай алғышарттар ол қылмыстарға мүмкіндік бергенін түсіндік.

Квазимемлекеттік секторда мемлекеттік сатып алу туралы заң ықпалы таралмаған. Ұжымдық кодекс арқылы бір ғана адам кәсіпкерлердің қайсысы тендерге қатыса алатынын шешеді. Төлем механизмі қандай болатыны, бақылау мен реттеуге қатыстыты шешімді сол адамның жауапкершілігінде. Сондықтан біздің ойымызша, қоғамдық бақылау мәселесі - бүгінгі күндегі өте маңызды сұрақ", - деді Қайрат Қожамжаров.

Қожамжаровтың сөзінше, бірінші кезекте квазимемлекеттік секторға толыққанды бақылау қажет. Жемқорлықтың алдын-алу үшін заң ықпалы күшейтіліп, жүйелі шаралар орындалуы тиіс.

Похожие материалы