
БҰҰ мемлекеттер мен жекеменшік донорларға 2015 жылы ҚХДР-дағы гуманитарлық операцияларды қаржыландыру үшін 111 млн доллар бөлу туралы хабарлама жіберді. БҰҰ-ның гуманитарлы мәселелерді үйлестіру жөніндегі Басқарманың баспасөз баяндамасында жазылғандай, қаржы азық-түлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру үшін жұмсалады.
"БҰҰ-на тез арада Корей Халықтық-Демократиялық Республикасындағы гуманитарлық операциияларды қаржыландыру үшін 111 млн доллар қажет", - деп атап өтті басқармадан. Халықаралық ұйымның мәліметінше, елдің 24,6 млн халқының 18 млн адамы "денсаулығын қалпында сақтауға мүмкіндік беретін қандай да бір тағам қол жеткізе алмайды". Гуманитарлық басқарманың хабарлауынша, 5 жасқа жетпеген балалардың 27,9%-ы тойып тамақтана алмайды.
БҰҰ бірнеше жылдар бойы КХДР-дағы ауыр гуманитарлық жағдайға байланысты дабыл қағып келеді. Ұйымда құрылған КХДР-дағы адам құқықтарының бұзылуын қадағалайтын комиссияның мәлімдеуінше, елдегі азық-түлік дағдарысы Пхеньянның халықты бақылау құралы ретінде қолдан жасалып отыр. КХДР билігі бұл ақпараттың барлығын жоққа шығарды.