Алматы. 20 қазан. 7kun.kz - 18 мың қазақстандық балаларының білім алуына қаражат жинайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" хабарлайды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің аясында екінші деңгейлі банктерді ынтамақтасуға шақырады.
Орталықтың дерегінше, қазіргі уақытта 18 мыңға жуық қазақстандықтар білім беру жинақтау салымын ашқан. Жинақ салымдары 13 млрд теңгені құрайды. Жиналған сыйақының көлемі - 897,3 млн теңге.
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін өзінің не баласының атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанда және шетелде кәсіптік техникалық және жоғары білім алу үшін оқудың ақысын төлеуге қолайлы мүмкіндік береді. Ең төменгі бастапқы жарна - 3 АЕК.
Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.