Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БҒМ: Қазақстанда оқулық бағасы да көтерілуі мүмкін

БҒМ: Қазақстанда оқулық бағасы да көтерілуі мүмкін
Қазақстанда мектеп оқулықтарының бағасы көтерілуі мүмкін. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов хабарлады.  Оның айтуынша, бүгінде қазақстандық кітаптардың басым көпшілігі шетелде басылып, шетел валютасында сатып алынады. Сол себепті теңгенің еркін курсына байланысты оқулықтардың бағасы да көтерілуі мүмкін деп отыр. Саят Нүсіпов, ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы:  — Болашақта баға көтерілуі мүмкін. Бұл еліміздің экономикалық ахуалына байланысты. Алдағы аптада Алматыда баспа басшыларымен оқулық бағасының көтерілуі мүмкіндігіне байланысты жиналыс өткіземіз. Ол жерде бағалар қандай болады, қалай басып шығарады, қандай кітаптардың бағасы өсетіндігін талқыға саламыз. Бүгінде бұл мәселе біздің қадағалауымызда. Оқулық жетіспеушілігі аясындағы шуға қатысты айтар болсақ, шенеуніктер төртінші тоқсан біткенше оқулықтардың уақытында берілу мәселесін шешуге уәде берді. Осы оқу жылында бірнеше аймақтарда оқулық тапшылығы байқалды.  

Похожие материалы