Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БҒМ білім гранттарына қатысты жағдайға түсіндірме берді

БҒМ білім гранттарына қатысты жағдайға түсіндірме берді

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі 2015 жылдың білім гранттарына қатысты жағдайға түсіндірме берді.

Жоғары, жоғарыдан кейінгі білім беру және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев Астанада өткен брифингте үздік бағаға бітірсе де, грантқа түспеген түлектер мен олардың ата-аналарының тарапынан шағымдар түсіп жатқанын жеткізді. "Бізде тек қана "Алтын белгі"иегелері мен олимпиада жүлдегерлері ғана өткен мамандықтар бар. Олар, мәселен, халықаралық қатынастар, шығыстану, шетел филологиясы, құқықтану, кеден ісі, медицина және барлық экономикалық мамандар. Соның өзінде бізде 39 "Алтын белгі" иегелері грант ала алмады. Оған себеп біздің түлектеріміз тек осындай беделді мамандықтарды ғана таңдайды. Балл бойынша есептеледі де, гранттар жетпейді", - дейді Өмірбаев. Оның айтуынша, тек "Алтын белгі" иегерлері ғана емес, 8 халықаралық олимпиада жүлдегерлері, 92 ғылыми байқау жеңімпаздары және 293 шығармашылық және спорттық сайыс жүлдегерлері де грантсыз қалған. "Соңғы отырыста білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен комиссияның өзге де мүшелері ұлттық және жергілікті университеттердің ректорларына шама келгенше аталған түлектерді ректор грантына өткізуге ұсыныс білдірді. Жыл сайын ректорлар гранттар бөледі. "Алтын белгі" иегерлері құжат тапсырған ЖОО-ға барып, қабылдау комиссиясына жолығулары қажет. Барлық ректорлар алдымен дарынды балаларды қабылдайды", - дейді Серік мырза. Ата-аналар мен түлектер тарапынан түсініспеушілік қабылдау комиссиясының нашар жұмысынан болады. Қажетті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. ЖОО-ларға сол жерде түсіндіру жұмыстарын жасау туралы хат жіберілген. Ақпарат көзі: Тенгриньюс

Похожие материалы