БҚО-да негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 162,6 миллиард теңгені құрады
Орал. 24 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-шілдеcінде Батыс Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі қайта бағалау есебімен 162,6 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2016 жылдың аталған кезеңінде 79,7 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ статистика комитеті хабарлады.
Инвестициялардың технологиялық құрылымының 45,1 пайызын ғимараттар мен ғимараттардың құрылысы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар, 30,8 пайызын - машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, 24,1 пайызын – басқа күрделі жұмыстар мен шығындар құрады.
2017 жылдың алғашқы жеті айында инвестициялық салымдардың 73,4 пайызы өнеркәсіпке, 12,5 пайызы жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 1,6 пайызы көтерме және бөлшек саудаға бағытталған. Негізгі капиталға салынған инвестицияның қомақты көлемі Бөрлі (74,5 млрд теңге), Зеленов (41,6 млрд теңге) аудандарында және Орал қаласында (33,6 млрд теңге) байқалды.