Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БАӘ Астанада 13 млн долларға мектеп салады

БАӘ Астанада 13 млн долларға мектеп салады

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері 1200 орындық мектеп құрылысын бастамақшы. Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков шейх Халифа бен Заид Әл Нахайян атындағы білім ордасының құрылысын бастайтын салтанатты рәсімге қатысты деп хабарлайды Астана әкімшілігі.

"Астанадағы білім беру мекемесі тәрізді әлеуметтік жобаны Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржыландыруы екі ел арасындағы достық пен серіктестіктің жоғары деңгейде екендігін білдіреді. Бірінші кезекте бұл мемлекет басшыларының өзара сенімдерінің арқасында орын алды",- деді Ә.Жақсыбеков салтанатты рәсім кезінде. Мектеп араб жағының қаржысына салынады. Жобаға салынатын жалпы инвестиция көлемі 13 млн долларды құрайды. Айта кетейік, Астана - білім беру мекемесін пайдалануға беру жөнінен елдегі көшбасшы қалалардың бірі.

Похожие материалы