Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БАӘ кәсіпкерлері мен «Kazakh Invest» ұлттық компания өкілдері кездесті

БАӘ кәсіпкерлері мен «Kazakh Invest» ұлттық компания өкілдері кездесті

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz – Астанада Kazakhstan Global Investment Roundtable-2018 шеңберінде араб делегациясының кәсіпкерлері мен «Kazakh Invest» ұлттық компания өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстан экономикасының басым салаларында араб бизнесінің жаңа инвестициялық жобаларын іске асыру мен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

«Сіздің ел БАӘ үшін Орталық Азия өңіріндегі ынтымақтастық серіктесі болды және болып қала береді және біздер Қазақстан экономикасының дамуы мен араб бизнесі үшін ашатын перспективаларға жіті қадағалаймыз», - деп атап кетті кездесу барысында Араб Әмірліктері делегациясының басшысы, Джамаль Саиф Аль Джарван мырза, БАӘ Шетелдік инвесторлар ассоциациясының бас хатшысы.

Тараптар жұмыстағы бірлескен бизнес-жобалар жөнінде пікір алмасты және қазақстандық тарап ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібі, машина жасау және туризм сияқты экономиканың басым салаларында барынша перспективалы жобалармен таныстырды.

«Kazakh Invest» Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстан ел аумағында жұмыс істейтін халықаралық инвесторларға қатысты ашықтық, қорғау және толық сүйемелдеу қағидаттарын ұстанатындықтарын атап кетті.

«Мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы біздің елдің Қазақстандағы бизнесі үшін үлкен бірегей мүмкіндіктер ашады. Біздер тұрақты негізде достастық БАӘ келген компанияларға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге дайынбыз»,- деп атап кетті С.Тұяқбаев.

Сөз соңында тараптар «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен БАӘ Халықаралық инвесторлар ассоциациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Похожие материалы