Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БАҚ: Ұлттық банкті Жәмішев немесе Марченко басқаруы мүмкін

БАҚ: Ұлттық банкті Жәмішев немесе Марченко басқаруы мүмкін

Қайрат Келімбетов қызметінен кететін болса, Қазақстанның Ұлттық банкін Болат Жәмішев немесе Григорий Марченко басқаруы мүмкін. Бұл жөнінде ҚазТАГ Астанадағы ақпараттандырылған дереккөзіне сілтеме бере отырып хабарлайды.

«Келімбетов кеткен соң Ұлттық банкті Жәмішев немесе Марченко басқаруы мүмкін. Болат Жәмішев өз ісін жақсы біледі. Ұлттық банк төрағасының орынбасары, қаржылай бақылау комитетінің басшысы болған. Бүгінде Қазақстанның даму банкін басқарады. Григорий Марченко болса, әр жылдары екі рет Ұлттық банк басшысы болған. Өзіндік позициясы бар. Сондай-ақ, өткен аптада Алматыда Марченконы Кәрім Мәсімов қабылдағанын да ескеру керек», - деді дереккөз агенттікпен телефон арқылы тілдескен сәтте.
Осыған дейін төрағаның қызметінен кететіні туралы бірқатар БАҚ жазған еді. Десе де, Ұлттық банк аталған ақпаратты жоққа шығарды.

Похожие материалы