Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БАҚ: Ресей билігі месенджерлерді бақылауға алуы мүмкін

БАҚ: Ресей билігі месенджерлерді бақылауға алуы мүмкін

Мәскеу. 24 қаңтар. 7kun.kz - Роскомнадзор мен Ішкі істер министрлігі "Байланыс туралы" заңнамаға мессенджерлерді бақылауға ұстап, "интернетте ақпарат таратушылардың" қолданушыларды анықтауға міндеттейтін өзгеріс енгізуді ұсынды. Бұл туралы "Коммерсант" басылымы жазды.

Басылымның жазуынша, Ресей үкіметі WhatsApp, Viber және Telegram секілді мессенджерлер бақылауға алуға ниеттеніп отыр. "Мұндай қосымшаларды бақылауға алу Роскомнадзор мен ІІМ және ұялы телефон операторлары бірлесе отырып жасаған "Байланыс туралы" заңға өзгеріс ретінде енгізілуі мүмкін", - деп жазады басылым.

"Коммерсант" ақпарат таратуды қамтамасыз етушілер, ығни заңға өзгеріс енгізуді ұсынушылар кез келген қолданушыны анықтауға мүмкіндік беретін қосымшаны интернетте шығаруды жоспарлап отырғанын жазады.

Басылым хабарласқан кейбір ұялы телефон операторлары аталған құжатты Роскомнадзор жасағанын, ал жұмыс тобына телефон операторлары қатысқанын мәлімдеді. Кейбір дереккөздер мұндай өзгерісті енгізу идеясы заңсыз сим-карталардың сатылуымен күресіп жүрген Ішкі істер министрлігіне тиесілі екенін айтады. Алайда ІІМ газеттің сұрақтарына жауап бермеген.

Похожие материалы