Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz - Германияда ұсталған Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим банкир Жомарт Ертаевтың ісі бойынша күдікті болып шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагим "Bank RBK" АҚ-дан алдап, сенімге кіру арқылы аса ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін күдікті деп танылған.
Осыған дейін Ертаев пен Ибрагим тергеу органдарынан шетелде жасырынған. Сондықтан оларға халықаралық іздеу жарияланып, сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпауға шешім қабылдады.
Айта кетйік, Бақыт Ибрагим 2018 жылдың 23 сәуірінде Германияның Франкфурт қаласында , ал Ертаев 8 мамырда Ресейдің Мәскеу қаласында ұсталған.