Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бақыт Сұлтанов Израильдің экс-Премьер-Министрі Эхуд Ольмертпен кездесті

Бақыт Сұлтанов Израильдің экс-Премьер-Министрі Эхуд Ольмертпен кездесті

Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Израильдің экс-Премьер-Министрі Эхуд Ольмертпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Израиль арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚР Қаржы Министрлігі.

Тараптар медицина, білім, IT-технология, су ресурстарымен басқару және т.б. салалардағы ынтымақтастық үлкен әлеуетке ие екендігімен келісті.

«Қазақстан мен Израиль арасында көптеген салалар өте үлкен әлеуетке ие. Өз тарапымнан осы әлеуетті кеңейту үшін барлығын жасаймын. Қазақстанда жұмыс істейтін Израиль бизнесмендеріне, сондай-ақ Израильде бизнес жүргізіп жатқан қазақстандық бизнесмендерге көмек көрсетуге дайынмын», - деді Эхуд Ольмерт.

Өз кезегінде, Қазақстанның Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі аграрлық сектор болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Израильдің ауыл шаруашылығы технологияларын трансферттеуге қызығушылық танытып отыр.

Израильдік қонаққа жүгіне отырып, Бақыт Сұлтанов өз сөзін: «Егер сіздерде агроөнеркәсіп саласында ірі жобалар бар болса, біз олрды Ауыл шаруашлығы министрлігінің қатысуымен қарастыруға дайынбыз», – деп қорытындылады.

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің Теңтөрағасы болып табылады, Израиль тарапынан – Израиль Мемлекетінің Қоршаған ортаны қорғау бойынша министрі Зеэв Элькин.

Похожие материалы