Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бақыт Сұлтанов: Мемлекеттік сатып алуға қатысты бақылау күшейеді

Бақыт Сұлтанов: Мемлекеттік сатып алуға қатысты бақылау күшейеді

Астана. 16 қаңтар. 7kun.kz - Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларға қатысатын кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жылжуын бақылауға алады. Бұл туралы бүгін парламенті мәжілісінде қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.  

«Ешкімге жасырын емес, қазір мемлекеттің қаржысын талан-таражға түсіру үшін көптеген кәсіпорын жалған кәсіпкерлікке жүгінеді немесе салықтан жалтару үшін кәсіпкерлік субъектілері осы жалған кәсіпкерлік арқылы қолма-қол ақшаларын шығарып алады. Осыған байланысты сұрағым, 2015-2016 жылдары қанша қаражат жалған кәсіпкерлік арқылы айналымда болды? Осыған сіздердің тараптарыңыздан қандай шаралар қолданылады? Жалпы, Қылмыстық Кодекстің 215-бабын ары қарай да қатаңдату қажет шығар? Салық төлемейтіндерге жазаны қатаңдату қажет», - деп сұраған мәжілісте депутат Нұртай Сабильянов қаржы министрінен.

Сауалға жауап берген Бақыт Сұлтанов бұл бағытта Үкіметте тиісінше жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. «Осы жылы тендерлерге қатысқан құрылысшыларға қазынашылық қызмет көрсетуде арнайы шоттар ашылатын болады. Олар құрылыс материалдарын сатып алған кезде қазынашылық шоттан қаражат жіберіледі. Одан ары салық органдары жылжыған ақшаны бақылауға алады. Сіз дұрыс айттыңыз. Жекелеген табыс және басқа салықтар уақытылы мемлекеттік сатып алуға қатысатын кәсіпорын тарапынан төленуі қажет», - деген министр депутаттың негізгі сауалына жазбаша жауап беретіндіктерін айтты.

Похожие материалы