Астана. 14 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылдың қорытындысы бойынша, "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған қаржының 2 млрд теңгесі игерілмеген. Осыған қатысты премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пікірін білдірді.
"Құрметті әріптестер, мемлекет басшысы "Нұрлы жол" бағдарламасының орындалуына аса қатты көңіл бөледі. Жұмыс істелді, бағдарлама жақсы жүріп жатыр. Бірақ жыл қорытындысы бойынша 2 млрд теңге игерілмей қалған. Әрбір аймақтың өз түсіндірмесі бар, дегенмен олардың ешқайсысы қанағаттандырмайды. Біз осыған дейін 9 ай қорытындысы бойынша есеп жүргізгенде барлық әкімдер бюджетті игеру қатаң бақылауда болады деген еді. Бірақ қазір көріп отырғанымыздай бақылау да, ниет те жоқ", - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Ол орынбасары Асқар Мырзахметовтен бюджет қаржысының игерілуін бақылауында ұстауын тапсырды. "Тағы атап өтейін: мәселе ақшаның қайтарылатын немесе қайтарылмайтындығында емес. Сіздер бюджет ережесін бұзбауларыңыз керек. Сонда сіздерге де шағым болмайды. Қаржы министрі айтқан жоспарлау және игеру уақыты - басқа мәселе", - деді премьер-министр. Қаржы министрлігі үкіметке игеру жоспарын қайта қарау бойынша ұсыныс енгізу керек.
"Бақыт Тұрлыханұлы, біз басқа аймақтарды да қайта қарап шығу үшін ұсыныс енгізіңіз. Өткен жолы айтқан едім, ертеңгі күннен бастап барлық облыс әкімдерінің есептерін қабылдаңыздар. Сіз де болған аймақтарыңыздағы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан объектілердің құрылысымен танысып шығыңыздар. Өз есебіңізде көрсетіңіздер", - деп мәлімдеді үкімет басшысы.
Ол әкімдерге бағдарламаны орындау үшін қосымша ақы сұрамауға кеңес берді. Мысалы, Қостанай облысында 300 млн теңге, Қарағанды облысында 138 млн теңге игерілмеген.
"Екі әкімнің есебіне қарап отырып, мен өз кінәмді түсінемін. Маған осыған дейін баяндап, маған барлығын түсіндіріп қойған. Бірақ сіздер де игере алмайтын болсаңыздар ақша сұрамаңыздар. Алдын-ала қаржы игерілмей жатыр деп ескертіп қойып, маған келудің қажет жоқ. Мен тек сіздерге ғана қатысты емес, барлығына айтып жатырмын", - деді Бақытжан Сағынтаев.