Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бақытжан Сағынтаев облыстарды аралап жүр

Бақытжан Сағынтаев облыстарды аралап жүр

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан өңірлеріне жұмыс сапары аясында Қостанай облысына барды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

Айта кетейік, ол бұған дейін Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстарында жұмыс сапарымен болған еді. Үкімет басшысы өңірлерді Мемлекет басшысының тапсырмасымен аралап жүр. Ол ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттерді түсіндіріп, оның іске асырылу барысын тексереді. Сағынтаев Қостанай облысында өңірдің өнеркəсіптік əлеуеті мен Жаңғырту 3.0 аясында қабылданып жатқан шараларды бағалайды, КТББ тегін оқыту бағдарламасын іске асыру барысы мен МЖƏ тетіктерін қолдану туралы баяндаманы тыңдайды, сондай-ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй салу жұмыстарын тексереді. ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарының кестесіндегі негізгі шара облыс жұртшылығымен кездесу болады, онда өңірді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарланған. Кəсіпкерлер қауымымен кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту келешегі, мемлекеттік қолдау көрсету тетіктері қаралатын болады. Бақытжан Сағынтаев жастармен Үкіметтің қазақстандық жастардың жеке бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен сапалы білім алуы үшін жасап жатқан мүмкіндіктерін талқылайды. ҚР Премьер-Министрінің жұмыс сапарындағы алғашқы нысан «Қостанай» халықаралық әуежайы болды. Мұнда Б. Сағынтаевқа қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі мен әуе айлағын қайта жөндеу жобасын іске асыру барысы туралы есеп берілді. Жаңғырту нәтижесі ретінде жолаушылар ағыны екі есеге, сағатына 400 адамға дейін ұлғайтылады. ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы сертификаттау жұмыстарын жүргізген соң, әуежайдың барлық ұшақтарды түріне, ұшу-қону массасына, рейс жиілігіне қарамастан, ешқандай шектеусіз қабылдау мүмкіндігін растауы үлкен маңызға ие.  

Похожие материалы