Экономика
Экономика1
БАӘ қор биржасы аптаны индекстердің рекордтық құлдырауымен бастады
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) қор биржасы жаңа сауда аптасын индекстердің рекордтық құлдырау көрсеткішімен бастады. Дубай биржасының(Dubai Financial Market General Index - DFM) негізгі индексі 5%-ға төмендеді. Бұл туралы Gulf News газеті хабарады.
Gulf News -тің хабарлауынша,
Дубай қаржы индексі сауда барысында рекордтық 2672,33 пунктіге құлдырады. Осыдан кейін Абу-Даби индексі де 2,68%-ға түсіп, 3837,81 пунктіні көрсеткен. Әлемдегі ең ірі көмірсутегін экспорттаушылардың қаржы көрсеткіштерінің осылай төмендеуінің себебін БАӘ-нің сарапшылары мұнай бағасының арзандауы дейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 15 қаңтарындағы Brent мұнайының наурыз айындағы белгіленімі Лондон биржасында 4,18%-ға құлдырап, барреліне 29,59 доллар болған еді. Бұл соңғы 12 жыл ішіндегі минималды көрсеткіш болатын. Осылайша, 2016 жылдың басынан бері Brent мұнайының бағасы 21,3%-ға арзандап отыр.
Фото: kursiv.kz