Байқоңыр. 27 қыркүйек. 7kun.kz – Байқоңырда тұратын Ресей азаматтарына ішінара мобилизация бойынша іс-шаралар өткізілмейді. Бұл туралы қала әкімшілігі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, әскери қызметке өз еркімен ниет білдірген тұрғындар ғана жұмылдырылуы мүмкін.
«Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімге сәйкес, Байқоңыр қаласында РФ азаматтарын есепке алу-шақыру жұмыстары әскери комиссариат арқылы жүргізіледі.
Байқоңыр қаласы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі екенін ескере отырып, қазір Ресей азаматтарын соғысқа шақырту шаралары жүргізілмейді», – делінген хабарлмада.