Байқоңыр қаласының әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Анатолий Петренко жергілікті инвесторларды инфрақұрылымды дамытуға көмектесуге шақырды.
"Инвестициялар әлеуметтік салаға, жоғары технологиялы өндірістердің құрылысына,тұрғын үй мен қалалық демалыс бағына, туристік саланың обьектілері мен басқа да жобалар үшін қажет. Бұл құрылыстар бізге жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Қала осы жобаларға зәру", - деді А.Петренко Қызылорда облысындағы кезекті "Байқоңыр" инвестфорумында.
Оның айтуынша, көптеген инвесторларды "жалға беру" сөзі қорқытады. "Бұл сөзден қорқудың қажеті жоқ. Жаңа құрылыс жалға беру құжаттарына қатысты болмайды. Бұл Қазақстан Республикасының қаласы болып қала береді",- деді ол.
Байқоңыр қаласы және осы аттас ғарыш айлағы Ресей 2050 жылға дейін Қазақстаннан жалға алған "Байқоңыр" кешенінің құрамына кіреді. Кешенді жыл сайынғы жалға алу құны 115 млн долларды құрайды. "Байқоңырды" пайдалану үшін жылына 5 млрд рубль кетеді.
Кешенді жалға алу кезінде Байқоңыр қаласына обьектілердің, кәсіпорындар мен ұйымдар әрекетінің және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арнайы режимі бар Ресей Федерациясындағы федералды қала статусы берілді. Қазір бұл жерде 7 мың адам өмір сүреді. Сондай-ақ, жұмыс істеу үшін іс-сапармен келетін 4 мың ресейлік тұрақтайды.