
Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz - Теңге курсының реттелуінің әсерінен Алматы қаласындағы курорттар қала тұрғындары мен шетелдік туристерге қолжетімді болды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
«Теңге курсының реттелуі мегаполистегі туризмге оң әсерін тигізді. Мысалы кеңес кезінде Шымбұлаққа 10 мың адам келетін. Ал қазір демалыс уақытында 15 мыңға жуық қала тұрғындары мен қонақтары келеді.», - деді Б. Байбек.
Оның сөзінше, қазіргі кезде Шымбұлақ пен Медеудің арқасында пайда түсіп жатыр және туристердің көпшілігі шетелден гөрі Алматыны таңдауды жөн көреді.
«Шетелдіктер көбіне мейрамханалар, қонақүйлер, турпакеттердің қымбат болуына арызданатын. Ал қазір аздап болса да бұл мәселе шешімін тапты. Бәрі арзандай бастады", - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, ол туристерді тарту үшін қала әдемі әрі халықаралық талаптарға сай болу керектігін атап өтті.
Фото: vlast.kz