Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Байқоңырдан ұшқан «Протон» құлады

Байқоңырдан ұшқан «Протон» құлады
Өткен сенбі күні таңғы 05:47-де Байқоңырдан ұшқан «Протон-М» ракетасы Ресейдің Байкал аймағына құлап түсті. Бұл туралы Ресейлік БАҚ жазды. Мексикалық спутникті орбитаға шығаруы тиіс ракета ұшып шыққаннан кейінгі 500 секундта өртеніп кеткен. 161 шақырым биіктікте болған өртке себеп – «үшінші бөліктің рөлдік двигателінің істен шығуы мүмкін» деп түсіндірген космос саласындағы дереккөзі ТАСС агенттігіне. Келесі кезектегі  «Протон»  ұшырылуы уақытша тоқтатылған. Жарылған «Протондағы» MexSat-1 спутнигі Мексика мен Оңтүстік Американың орталық бөлігін байланыспен қамтамасыз етуі қажет еді. Оның қызметі 15 жылға есептелген. Еске салайық, бұл ресейлік тасымалдаушы-рекателердың бірінші құлауы емес. 2010 жылдан бері «Протон-М», «Союз-У», «Зенит-3SL», «Союз-2.1а» сынды тасымалдаушылар жеті рет құлаған. Оның ішінде үш «Глонасс-М» спутнигін орбитаға шығаруы тиіс «Протон» 2010 жылы 5 желтоқсанда Тынық мұхитқа құлаған еді.  Ал, 2013 жылы 2 шілдеде үш «Глонасс-М» спутнигін алып ұшқан тағы бір «Протон» старттың алғашқы миниутында Байқоңыр маңына құлаған еді. Бұл қазақстан жұртшылығының наразылығын тудырған болатын. Өйткені жарылыстан кейін ракета құлаған жерде рекатаның улы отыны  гептил бұлты түзілген еді. Экологиялық ахуалдың ушығуынан қорыққан белсенді қазақстандықтар «Антигептил» қозғалысын құрып «Протонның» ұшырылуын мүлдем тоқтатуды талап еткен еді. 2015 жылы қазақстанның Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында 121 мың бас киік белгісіз індеттен қырылып қалған еді. Нақты себебі айтылмағанымен, қоғам арасында бұл апаттың болуы гептилдің төгілуінің салдарынан деп есептеді.  

Похожие материалы