Экономика
Авто
"Бәйтерек" холдингінің 26 млрд теңгесі банкрот болған Қазинвестбанкте сақталғаны анықталды

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - "Бәйтерек" ұлттық холдингінің депозиттері мен 26 млпд теңге қаржысы лицензиясынан айырылған "Қазинвестбанкте" сақталғаны анықталды. Бұл туралы республикалық бюджеттің пайдаланылуын қадағалайтын есеп комитетінің мүшесі Халида Қамбарова хабарлады.
"2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап лицензиясынан айырылған "Қазинвестбанктің" депозитінде ұлттық холдингтің депозиттері мен 26 млрд теңге қаражаты қалған. Оның 16,3 млрд теңгесі Ұлттық Банктің қаржысы", - деп атап өтті Халида Қамбарова парламент мәжілісінің дөңгелек үстелінде.
Еске салсақ, Ұлттық Банк 2016 жылдың 27 желтоқсанында Қазинвестбанкті лицензиясынан айырған болатын.