Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бала күтіміне берілетін жәрдемақының мерзімі ұзаруы мүмкін

Бала күтіміне берілетін жәрдемақының мерзімі ұзаруы мүмкін

Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жөнінде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

"Бүгінде 1 жылға дейін төленетін бала күтімі бойынша жәрдемақы мерзімін ұзарту туралы мәселені көтермекпіз. 1,5 немесе 3 жылға дейін нұсқаларды қарастырамыз және есептейміз. Бұл қисынды болар еді", - деді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, 387 мыңға жуық ана бала күтіміне байланысты жәрдемақы алады, олардың басым бөлігі әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінеді.

Министрдің ақпаратына сәйкес, жұмыс істемейтін аналарға жыл сайын бюджеттен ай сайын 15 мыңнан 24 мың теңгеге дейін, әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін аналар өз жалақысының 40% мөлшерінде алады. Сондай-ақ, ол көрсетілген нұсқалар есептелінетінін атап өтті.

"Бұл ұсыныс әзірленуде және атқарушы органдармен және Үкіметпен келісуге енгізілмеді", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ведомство басшысы мүгедекке күтім жасау жөніндегі жәрдемақыға да өзгерістер енгізу туралы ұсыныстың да бар екенін атап өтті.

"Бүгінгі таңда қамқоршы-ата-аналарға мүгедек баланы күтуге, бірінші топтағы мүгедек балаға, ересектерге күтім жасау бойынша жәрдемақы қарастырылған. Алайда, бірінші топтағы мүгедектер арасында бала кезінен мүгедек емес ересектер де бар, бірақ олар да күтімді қажет етеді, мүмкін қосымша жәрдемақы тағайындау дұрыс және қисынды болар. Бұл әзірге министрліктің жоспарлары. Үкіметке және атқарушы органдардың бекітуіне ұсыныстар түскен жоқ », - деді Біржан Нұрымбетов.

Айта кетейік, 2020 жылғы 3 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындауға 97,5 мың отбасынан өтініш қабылданды, оның құрамына 504,3 мың адам кіреді, оның ішінде 323,4 мың бала. Өңірлер бөлінісінде ең көп өтініштер Түркістан облысында – 20,3 мың отбасы, Шымкентте – 14,5 мың отбасы, Алматыда – 9,9 мың отбасы, Жамбыл облысында– 8,2 мың отбасы, Қызылорда облысында – 7,4 мың отбасы қабылданды.

Өңірлерде 2,6 мыңнан астам учаскелік комиссия жұмыс істейді. Олар жүргізген зерттеу нәтижелерін есепке ала отырып, АӘК 46,8 мың отбасыға немесе 236,5 мың адамға тағайындалды. АӘК тағайындауға өтініш берген отбасылардың материалдық жағдайын тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірлер бөлінісінде ең көп тағайындау саны Алматы облысына – 6617 отбасы, Шымкентке – 5992 отбасы, Жамбыл облысына – 5427 отбасы, ШҚО-на – 4437 отбасы тиесілі.

Похожие материалы