Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Балалар киімінің ең қымбат 7 бренді

Балалар киімінің ең қымбат 7 бренді

Бүгінгі уақытта әлемнің түкпір-түкпіріндегі дизайнерлер балалардың сәнді киінуіне үлкен мән береді. Ата-аналардың кейбірі балаларына әлемдік абыройға ие, танымал брендтік киімдер де алып беріп жатады. Әрине, ондай киімдер балаға бірден жараса кеткенімен, үлкендердің қалтасын біршама тоздыртатыны сөзсіз. Сіздердің назарларыңызға әлемдегі балалар киімінің ең қымбат брендтерінің тізімін ұсынамыз.

«Dolce & Gabanna» бренді балалар арасында үлкен танымалдыққа ие. Қыздарға арналған көйлектердің бағасы 300 доллардан басталып, 3200 долларға дейін жетеді. Ал ұлдарға арналған күртешелер бағасы 1290 доллардан басталса, жай ғана кішкентай бант 420 доллар тұрады. Аяқ киімнің бағасы 100-500 доллар аралығын құрайды.

[caption id="attachment_74345" align="aligncenter" width="1001"]Балалар киімінің ең қымбат 7 бренді Фото: media.child.boutique[/caption]

«Moncler» компаниясы үлкендермен қатар, кішкентайларға да арнап жаңа киімдер топтамасын жарыққа шығарып келеді. Балаңызды бір киіндірудің өзіне біраз қаражат жұмсайсыз. Бас киімдердің бағасы 100 доллардан басталады, оған қосылатын мойынорағыш тағы 100 доллар. Спорттық киімдер – 400 доллар, жұқа күртешенің бағасы 1200 долларға дейін жетеді.

[caption id="attachment_74346" align="aligncenter" width="640"]Балалар киімінің ең қымбат 7 бренді Фото: lippoth.com[/caption]

«Chanel» компаниясы балаларға арналған жеке киімдер топтамасын шығармайды. Бұл люкс брендтің барлық киімдері тек тапсырыспен ғана тігіледі. Мысалы, Дженнифер Лопес қызына тапсырыспен тіккізген жай ғана бір сөмкеге 2400 доллар қаражатын жұмсапты.

[caption id="attachment_74348" align="aligncenter" width="800"]Балалар киімінің ең қымбат 7 бренді Фото: static.fashionbank.ru[/caption]

Әлемдегі ең қымбат брендтердің бірі саналатын «Gucci» киімдерінің сапасы жағынан алдына дес бермейтін компания. Балалар киімдері үлкендерге арналған киімнің дәлме-дәл көшірмесі болғандықтан, family looks стилін дамытуға өзіндік үлесін қосып келеді. Киім бағасына келер болсақ, қыздарға арналған жаздық көйлек 2000 долларға дейін жетсе, жаздық қалпақтардың бағасы 150 доллардан басталады. Сәбилердің заттарын салуға арналған сөмке – 4400 доллар, ал «Gucci» логотипі бар балалар сөмкесі – 1800 доллар.

[caption id="attachment_74350" align="aligncenter" width="600"]Балалар киімінің ең қымбат 7 бренді Фото: 2luxury2.com[/caption]

«Tartine Et Chocolat» - балалардың сәнді киімдерін ұсынатын француздық компания. Одан бөлек жұмсақ ойыншықтарды және бөлмеге арналған заттарды шығарады. Ойыншық бағасы көлеміне қарай 250 долларға дейін жетеді. Сәнді көйлек бағалары – 500 доллар, күртеше бағалары 300-400 доллар аралығын құрайды.

[caption id="attachment_74351" align="aligncenter" width="640"]Балалар киімінің ең қымбат 7 бренді Фото: dashinfashion.com[/caption]

Ал «Burberry» киімдерінің бағасы үлкендерге арналған киім бағасынан кем емес. Осы брендтің жарнамасына өздерінің балаларын қатыстырғысы келетін жұлдыздар жеткілікті. Классикалық балалар пальтосы – 850 доллар. Арзанырақ киімдерге келер болсақ, жұқа жейде – 70 доллар, кішкентай сәбилерге арналған торлы костюм – 195 доллар.

[caption id="attachment_74352" align="aligncenter" width="780"]Балалар киімінің ең қымбат 7 бренді Фото: radamsa.ru[/caption]

АҚШ-тағы «Canada Goose Kids» компаниясы өндірген өнімдерінің бағасына тұтынушылар тарапынан біраз наразылық тудырған-тын. Алайда компания дизайнерінің пікірінше, баға киім сапасына толығымен сәйкес келеді. Көбіне қысқы сыртқы киімдер шығаруға кәсіптенген. Қысқы күртеше бағалары 500-800 доллар аралығын құраса, бас киім бағасы 50 доллардан жоғары.

[caption id="attachment_74354" align="aligncenter" width="800"]Балалар киімінің ең қымбат 7 бренді Фото: media.child.boutique[/caption]

Похожие материалы