2016 жылдың 16 қаңтарында Банк Хоум Кредит "Бақыт Депозиті" арқылы пәтер ұтып алған салымшыны анықтады. Ұтыс ойынына қатысу үшін алдымен салымшының 1000 теңгеден кем емес депозиті болу керек. Бұл туралы Kapital.kz хабарлайды.
Хоум Кредит ұсынған "Бақыт депозиті" жобасы 2015 жылдың маусым айында басталған. Әрбір салымшы депозитке 1000 теңге көлемінде ақша салып, ұтыс ойынына қатыса алады. Басты ұтыстардың бірі - пәтер және ай сайын 100-ге жуық ақшалай сыйлықтар ойнатылған.
16 қаңтарда Алматы, Шымкент және Көкшетау қалаларында ұтыс ойыны ашық түрде жүргізілді.
Ұтыс ойынының жеңімпаздары мәлімметтер базасында тіркелген салымшылр арасында ойнатылды және "кездейсоқ анықтау" механизмі бойынша анықталды. Басты ұтыс пәтерді (100 млн теңге қаржы есебінде) Жезқазған тұрғыны ұтып алды. Ал қалған жеңімпаздар 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Жеңімпаздардың толық тізімі банктің ресми сайтында жарияланады.
Фото:kapital.kz