Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі күні ҚР нарығында 32 ЕДБ бар. Бір жыл бұрын, 2016 жылдың қараша айының соңында олардың саны 34, ал 2016 жылдың басында 35 болды, деп хабарлайды Ranking.kz.
Банк секторын біріктіру мен шоғырландыру үрдісі жалғасып келеді. 2017 жылы 8 банк бірігіп, қосылғаны туралы жариялады. Олар: Халық банкі + Қазком, Цесна + БЦК, Капитал + Тенгри банкі және RBK + Qazaq Banki. Алғашқы екі жұптың жағдайында Халық банкі Қазком-ды, ал Цеснабанк БЦК-ны сатып алды. Бұл олардың нарыққа қатысуын арттыруға мүмкіндік берді. Дегенмен де, Казком мен БЦК бөлек қаржы институттары ретінде жұмысын жалғастырды.
Банк нарығындағы өз позицияларын нығайту мақсатында Capital Bank пен Tengri Bank-і біріктіру үдерісі жалғасады. Өз кезегінде, RBK банкі және Qazaq Bank-i бірігу процесін тоқтату туралы хабарлады. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің жиынтық активтері 2017 жылдың қараша айының соңына қарай 5,9 пайызға (1,5 трлн тг) азайып, 24,2 трлн тг құрады, ал 2016 жылдың басынан бастап тек 1,6 пайызға артты (377,0 млрд тг).
Нарықтық үлесі 10 пайыздан асатын бірінші кезекке ҚР екі ірі банкі - Халық Банкі және Қазком орналасқан. Банктердің құрамы 2016 жылдың басындағымен бірдей, тек олардың жайғасымдары өзгерді. 2016 жылы Қазком активтері бойынша көшбасшы болды, ал 2017 жылы Халық банкі бірінші орынды иеленді. Олар ЕДБ-дің барлық активтерінің үштен бірінен астамын құрайды. Активтердің жалпы көлемі жыл ішінде 15,9 пайызға (1,6 трлн тг) азайды. Олардың нарықтағы үлесі 38,4 пайыздан 34,3 пайызға дейін төмендеді.
Екінші орында 5-тен 10 пайызға дейінгі нарықтағы үлесімен, 2016 жылдың қаңтарынан бастап ЕДБ-дағы қатысушылардың саны өзгерген жоқ. Құрылым, керісінше, шығып кеткен АТФ банкінің орнына ForteBank ауысты. Қазақстандық ЕДБ арасында екінші деңгейлі активтердің жиынтық үлесі бір жыл ішінде 28,7 пайыздан 33,3 пайызға дейін өсті. Олардың көлемі 9,2 пайызға (680,8 млрд теңге) өсті.
Үшінші кезектегі банктердің саны 1-ден 5 пайызға дейінгі нарықтағы үлесімен, 2016 жылы 10-нан 11-ге дейін өсті. Олардың ең ірісі - нарықтың үлесі 5 пайыздан аспайтын AТФ банкі. Бұл активтері 1 трлн теңгеден асатын жалғыз банк. Сондай-ақ, Астана банкі мен Қытай банкі де нарықтағы үлесін ұлғайтты. Олардың 2016 жылдың басындағы нарықтағы үлесі 1 пайыздан аз болатын. Жыл ішінде активтердің ең көп өсуін Қытай банкі мен ТҚЖБ көрсетті.
Төртінші орында, нарықтағы үлесі 1 пайыздан төмен, 2016 жылдың басынан бері ЕДБ саны 17-ден 14-ке дейін төмендеді. Бұндай көлемі бойынша ең жоғарғы өсімді Қытайдың коммерциялық және өнеркәсіптік банкі мен Шинхан банкі көрсетті.