Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банк пен байланыс операторы бірігіп төлем картасын шығарды

Банк пен байланыс операторы бірігіп төлем картасын шығарды

Астана. 14 тамыз. 7kun.kz - Beeline мен Альфа Банк жаңа төлем картасын таныстырды. Бірегей қаржылық өнім тауарлардың ақысын төлеуге, ақша аударуға, сонымен қатар ҚР кез келген банкоматынан комиссиясыз ақша алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Компания баспасөз қызметі хабарлады.

Beeline абоненттері картаға тегін қызмет көрсетуден бөлек, келесі мүмкіндіктерге қол жеткізеді: 1.5%-дан басталатын кэшбек Сыйақы - қалдыққа жылдық 6% Қаражатты тегін толтыру Жасалған операциялар туралы SMS-ақпар беретін тегін қызмет Қашықтан төлеу технологиясы Динамикалық 3D Secure коды бар қауіпсіз интернет-сауда

«Beeline ұялы байланыс операторынан көптеген digital-қызметтер ұсынатын жабдықтаушыға қарқынды түрде айналып келеді. QR код арқылы төлеу мүмкіндігін енгізгенімізге біршама уақыт болған, пластикалық картаның пайда болуы – даму жолымыздағы заңды қадам, себебі компаниямыз заманмен бірге қадам басып келеді. Барлық озық елде тауарлар мен қызметтердің ақысын карта арқылы төлеу, сондай-ақ телефоннан телефонға ақша аудару – қарапайым шаруа. Біз одан да оздық, енді клиенттеріміз мобильді теңгерімнен ақша ала алады. Осылайша, Beeline интернетті жақсартушы оператор және қаржы секторының провайдері ретінде, бізді өмірдің барлық саласында сүйемелдеп отырады», - деп Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Александр Комаров пікір білдірді.

Beeline картасына ақша салу үшін үйреншікті кез келген жолмен мобильді телефон шотын толтыру жеткілікті.

Картаны алу оңай. Абонент жеке басын куәләндыратын құжатымен Beeline-ның сату және қызмет көрсету кеңсесіне келсе болды. Картаны алған соң, 2051 нөміріне қоңырау шалып, PIN-код орнатуы керек. Сондай-ақ осы нөмір арқылы картаға қатысты кез келген мәселені шешуге болады. Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін, есеп-шот алу пәрмені бар: *802#, жеке кабинетте және «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында барлық шығындар мен аударымдарды қадағалауға болады. p2p.alfabank.kz сайтында барлық картаға тегін аударуға болады.

Похожие материалы