Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банк пен коллектор деп аталатын екі айдаһардың арасында қалдым

Банк пен коллектор деп аталатын екі айдаһардың арасында қалдым

Мынадай мәселе туындады...

Бір танысыма шағын көлемдегі несие алынған болатын - 300 мың теңге. Басында банк берешегінің отыз мыңын төлегесін ол жоғалып кетті. Несиені ол төлеуі тиіс болатын. Банк алдындағы несиелік міндеттердің мерзімі аяқталғанда коллекторлық агенттіктен өтелмеген несие бойынша сотқа шақырту келді.

Бұл түк емес. Біз тіпті оған дейін несиенің төленбей жатқанын білмей келдік және дағдарысқа орай тұрақты жұмыс орнынан айрылуыма байланысты форс-мажор жағдай орнады.

Сот болды, сот осындай да осындай көлемде ақшаны қайтару керегі туралы шешім (немесе қаулы) шығарды. Несие әйелімнің атында болатын, ол сотта жұмыс істеген бойда қайтаратыны жайлы сенімхат жазып берді. Бөлік-бөлігімен, әрине... Қазір ол бала күтіміне байланысты демалыста, әлі кемі жарты жыл болады.

Ал енді мәселенің өзі. Сот наразылығы коллекторлық агенттік тарапынан болатын. Менің машинам тұтқындалуға жататыны жайлы қағаз жолдауға тырысты, тіпті МАИ-ға көшірмесін жолдады. Сот кезінде олардікі дұрыс емес екенін дәлелдедім.

Үш айдан кейін олар тағы мазалай бастады. Басында: егер 290 мыңды қазір жедел қайтармасаң, барлық айыппұл мен өсімдерімен қоса 600 мың төлейсің – деді. Сосын, неге екені белгісіз, олардың пеня өсім сомасы 300 мыңға дейін азайып кетті... Барлық пеня мен айыппұл бойынша есеп құжатын көрсету өтінішіме орай олар бас тартты. Бәрі олардың компьютерінде, сондықтан көрсете алмайды екен, басып шығара алмайды екен-мыс.

Сосын, алаяқтық және несие төлеуден бұлтару және сот шешімін орындамау ісі бойынша Қазақстанның батысынан бәрін (туыстарымды қосқанда) Алматыға әкеліп, куәлердің жауабын аламыз деп қоқан-лоққы жасады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кәсіби мамандардан сұрағым келеді:

1. Егер қандай да бір сомаға сот шешімі бар болса, кейін шешімде көрсетілген сомаға үстеме қандай да бір пенялар мен айыппұлдар болуы мүмкін бе?

2. Ұмытпасам, кез келген сот ісінің қаралуы құқық бұзушылық орын алған аймақта өткізілмейтін бе еді?

3. Неге несие бір жыл бойына өтелмей жатқанын көре тұра банк бізден бұл туралы хабарласып, сұрамады? Сосын неге енді біздің несиемізбен коллекторлық агенттік айналысатыны туралы құлаққағыс хабарлама жолдамады?

Олег

Астана

Похожие материалы