Экономика
Авто
Торстен Пол Bank RBK-ның директорлар кеңесінің төрағасы боп сайланды
Алматы. 7 қараша. 7kun.kz - Торстен Пол Bank RBK директорлар кеңесінің жаңа төрағасы боп сайланды деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтемей жасай отырып.
7 қараша күні Алматыда өткен кезектен тыс жиында банк акционерлері қаржылай жағдайын жақсырту арналған арналған Ұлттық банктің бағдарламасына қатысуға дауыс берді.
Одан бөлек, кезектен тыс жиында банктің тәуелсіз директоры ретінде Торстен Полды сайлады. Сосын Пол Bank RBK-ның директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды.
"Пол мырзаның тағайындалуы Bank RBK мен Қазақстан республикасының, Ұлттық банк және "Қазақмыс" арасындағы келісімнің аясында жүзеге асты. Топ-менеджмент құрамының күшеюі банктің әрі қарай дамуы мен акционерлер қойған талаптарды орындалуына көмектеседі. Халықаралық банктердегі 20 жылдан астам тәжірибесі бар Пол мырза банктің қаржы институттарын сауықтыру және жаңғырта отырып, Қазақстандағы ең сенімді банктердің біріне айналуымызға себепші болады",-деп мәлімдейді Bank RBK-ның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Qazaq Banki мен Bank RBK-ның бірікпейтіндігі белгілі болған еді.