Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - Банк секторы өз резервтерін нығайтып жатыр. ҚР екінші деңгейлі банктері (ЕДБ) жеке капиталының жалпы көлемі 2017 жылдың қаңтар-наурызында 3,5 пайызға өсті. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Жыл басынан бергі ҚР ЕДБ жеке капиталы 100,5 млрд теңгеге (3,5%) көбейіп, 2,95 трлн теңгені құрады. Жалпы 33 банктің 27-сінде өсім байқалды.
2017 жылдың қаңтар-наурызында капитал өсімінен Халық Банк көшбасшы болды. Табыс 39,8 млрд теңгеге (6,5%) өсіп, 656,0 млрд теңгені көрсетті. ҚР ЕДБ үлесі 21,7 пайыздан 22,3 пайызға көбейді.
Одан кейін, 94,1 млрд теңге (өсім-14,5%) көрсеткішпен RBK банкі тұр. ҚР ЕДБ үлесі 3,2 пайыз болды.
Үшінші орында - Қазком. Алғашқы үш айдағы өсім, 482 млрд теңгені (1,7%) құрады. Ал ҚР ЕДБ үлесі керісінше 16,4 пайызға азайды.ҚР Ұлттық банкінің соңғы мәліметіне сәйкес 2017 жыл наурыз айының соңында 14 ЕДБ капиталы 50 млрд теңгеден жоғары. Олар докапиталдандыруға мұқтаж емес. Сонымен қатар, жеке тұлғалардан депозит тартуларына шектеу қойылмайды. Ұлттық банк 2018 жылға белгілеген 75 млрд теңге межеден 12 ЕДБ асып кетті. Ал 8 банктың капиталы 100 млрд теңгені құраған. Ал капиталын 50 млрд теңге дейін өсіру үшін 3 ЕДБ-ке 10 млрд теңге көлемінде докапиталдандыру қажет. Олар Нұрбанк - 1,6 млрд теңге, Altyn - 3,2 млрд теңге және Хоум Кредит банкі - 8,9 млрд теңге.