Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банк секторының кірісі бір жыл ішінде 40 пайызға төмендеді

Банк секторының кірісі бір жыл ішінде 40 пайызға төмендеді

Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz — ҚР банк секторының кірісі бір жыл ішінде 40 пайызға төмендеді, ал банктердің негізгі қызметінен түсетін кіріс 18 пайызға көтерілді деп хабарлайды ranking.kz.

I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша банк секторының кірісі, былтырғы жылмен салыстырғанда 40 пайызға (17,8 трлн теңге) дейін қысқарған. Ал 2017 жылғы шығын 17,9 трлн теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 38,9 пайызға кем.

Нəтижесінде, 2017 жылғы шілдеде табыс салығы бойынша шығыстарды ескергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шығыны 203,9 млрд теңгені құрады.

Өтемақы алуға байланысты банктерден түсетін табыс тұрақты өсуді көрсетті. Қаңтар-шілдеде мұндай кірістің көлемі 1,5 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 18,2 пайызға артық. Соңғы 5 жылда сыйақымен түсетін табыстың жылдық өсу қарқыны орташа 19,8 пайызды құрады.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы