Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Банк ЦентрКредит пен Цеснабанк бүгіннен бастап үлестес және байланысты тұлғалар болып табылмайды деген ақпарат таратты. Яғни қос банк дербес және бір-біріне тәуелсіз қаржы ұйымдары ретінде қызметтерін жалғастырады.
Айта кетейік, 2017 жылдың ақпан айында Цесна банктің БанкЦентрКредитпен бірігу мүмкіндігін талқылап жатқаны белгілі болған еді. Бірігу Kookmin Bank үлесін қазақстандық тарап сатып алған соң жүзеге аспақ болған. Кейінірек Ұлттық банк 27 наурыздағы № 56 қаулысымен «Цеснабанке «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның үстінен қарайтын банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берген еді. Бұдан кейін Цесна банк БЦК-ні қосып алуы мүмкін деген ақпарат тараған. Мұны 2017 жылы 1 ақпанда екі банк те мақұлдап, бірігу жұмыстары 2017 жылдың екінші тоқсанында аяқталуы мүмкін деп мәлімдеме таратқан еді. Ал 20 сәуірде Банк Центркредиттің акцияларын иелегіп келген кореялық Kookmin Bank өзінің 41,93% үлесін «Цесна банкке», «Цесна» қаржы холдингі» мен Байсейітов Бахытбек Рымбекұлына сатқанын хабарлады. Бұл ақпараттан соң олардың бірігіп, Банк Центркредиттің иесі қатарында Цеснабанк, «Цесна» қаржы холдингі» АҚ мен Бақытбек Байсеитов болуына ешкімнің күмәні қалмаған еді. Алайда 2017 жылы бірігу жүзеге аспады. Бүгін екі банктің дербес банктер ретінде жұмысын жалғастыратыны белгілі болды.
Ал «Цеснабанк» АҚ және «Цесна» қаржы холдингі» АҚ иелігінде болған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларының толық пакетін сатқан. Яғни, Цеснабанкке тиеселі болған 29,56% жай акцияларды «Банк ЦентрКредит» АҚ қожайындары Байсеитов Бақытбек Рымбекұлына, Ли Владислав Сединовичке және жеке тұлғалар (миноритарлы акционерлер) сатып алған. «Мәміле нәтижесі бойынша Бақытбек Байсеитовтің үлесі банк орналастырған жай акциялардың жалпы санының 48,07%-ын, Владислав Лидің үлесі банк орналастырған жай акциялардың жалпы санының 10,05%-ын құрады», - деді бұл туралы БЦК басқарма төрағасы Ғалым Хусаинов.
Енді дербестігін сақтап қалған БКЦ-нің иелері ретінде бұрынғыдай Бақытбек Байсеитов пен Владислав Ли және можаритарлы акционерлер қала беретін болды. Айта кетейік Владислав Ли 2017 жылға дейін банктің басқарма төрағасы қызметін атқарып келген болатын. Жақында ҰБ оған банктің ірі қатысушысы болға келісім берген еді.