Экономика
Банк ВТБ (Қазақстан) теңгелік кредитті қайта бере бастады
2016 жылғы 17 наурыздан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) бөлшек сегмент үшін жаңартылған өнімді іске қосты. Бұл туралы банк баспасөз қызметі хабарлады.
Банк несиелендіру бағдарламасын да өзгерткен. Енді жеке тұлғаларға «Кепілсіз қолма-қол кредиттер» 5 000 000 теңгеге дейін, ең ұзақ мерзімі 5 жылға дейін берілмек. Қарыз бір ғана құжат – жеке куәлікпен ресімделеді.
"Үкімет пен Ұлттық Банктің елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін қабылдаған шаралары оң нәтиежелерін көрсетуде. Нарықтағы өтімділік жағдайы тұрақтанды және біз жаңартылған және жақсартылған өнім бойынша жеке тұлғаларға теңгемен кредит беруді қайта бастағанымызды хабарлауға қуаныштымыз. Біздің клиенттерімізге бұл өте жақсы жаңалық екеніне сенімдіміз", - деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.