Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банкте роботтар жұмыс істей бастады

Банкте роботтар жұмыс істей бастады

Ресей. 28 қазан. 7kun.kz - Ресейдің "Сбербанк" бөлімшесінде роботтар жұмыс істей бастады. Олардың саны әзірге екеу. Бірі кезекке талон берсе, екіншісі тұтынушылардың қызмет көрсетуге берген бағасын жазып алады.

Кезекке талон беруші роботтар адамның сұрақтары мен дауысын тани алады. Оған тұтынушы банкке келудегі себебін айтса, соған сәйкесінше талон береді. Егер робот тұтынушыны түсінбесе, роботқа дисплей орнатылған.

Алдағы уақытта "Сбербанк" роботтарға "кеңес беруші" функцияны қосуды жоспарлап отыр.

Бірінші кезекте банк өкілдері роботтарға қарт кісілер қалай қарайтындығын анықтап алғысы келеді. Себебі роботта әр тұтыншының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, робот кеңесшінің мүмкіндіктері көп болуы керек. Сонымен қатар, олар роботтарды адамның бет-әлпетін есте сақтап қалып, банкке келесі келгенде жеке схема бойынша жұмыс жасауға үйретеді.

Похожие материалы