Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың 11 айында банк секторының табысы 603,3 млрд теңгені құрады.
Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, оның жиынтық активтерге қатынасы 2,19%-ды, ал меншікті капиталға қатынасы 17,7%-ды құрады.
2018 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша қазақстандық банктердің активтері шамамен 25 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш жылдың басымен салыстырғанда 3%-ға төмендеді.
Активтер құрылымында ең үлкен үлесі (50,2%) 13,4 трлн теңге мөлшерінде несиелік портфель болады. 2018 жылдың басымен салыстырғанда ол 0,9%-ға азайды.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 11 айында заңды тұлғаларға қарыздар несие портфелінің 28% үлесімен 3,7 трлн теңгені құрады (2018 жылдың қаңтар айына қарағанда 10,3%-ға аз). Ал, жеке тұлғаларға қарыздар несие қоржынының 36,9% үлесімен 5 трлн теңгеге жетті. Жыл басымен салыстырғанда олар 16,5%-ға өсті. Сонымен қатар тұтынушылық қарыздар 3,5 трлн теңгені құрап, 1 желтоқсанда 18,2%-ға өсті.
Шағын және орта бизнесті несиелеу 4,5 трлн теңгеге жетті (-3,1%). Жұмыс істемейтін қарыздар - 1,06 триллион теңге.
Сондай-ақ, Ұлттық Банкте банктердің 2018 жылдың 11 айында міндеттемелері 21,9 трлн теңгені құрағанын хабарлады. Ең үлкен үлесті клиенттердің салымдары алды – 77,4%. Резидент еместер алдындағы міндеттемелер – 1,22 трлн теңге.
Заңды тұлғалардың салымдары 2018 жылдың 1 желтоқсанында 8,5 трлн теңгеге жетті. Ал, жеке тұлғалардың салымдары 8,4 трлн теңге болды.
Сонымен қатар, банк секторының осы кезеңдегі табысы 603,3 млрд теңгені құрады.
Бас банк бес ірі қаржы институттарының жиынтық активтердегі үлесі 63,6%-ға, жиынтық несие портфелінде – 62,7%-ға, клиенттердің жиынтық салымында – 65,8%-ға жеткенін хабарлады.