Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банктердегі валюталық салым көлемі 80 пайыздан артық

Банктердегі валюталық салым көлемі 80 пайыздан артық

Қазақстандықтар валютамен депозитті жиі ашатын болған. Кейбір банктерде жеке тұлғалардың валюталық салымдарының үлесі 80 пайыздан жоғары болып отыр деп хабарлайды Kapital.kz.

Өткен жылы ақпан айындағы теңге девальвациясы банктердің депозит базаларының құрылымын өзгертті. Ұлттық банктің мәліметтеріне сүйенсек, 2015 жылдың шілде айындағы валюталық салымдардың бөлшек депозит қоржынындағы үлесі мынадай: Bank RBK - 87,1%, «Сбербанк» еншілесі банкі – 81,3%, Цеснабанк – 80,9%, АТФБанк – 80,8%, Еуразиялық банк – 74,8%. Өзге банктерде жеке тұлғалардың долларлық салымдары анық. Қазкоммерцбанктегі бөлшек салымдардағы валюталық депозиттер үлесі -74,7%, ЦентрКредит Банкте– 68,8%, ForteBank – 64,3%, Kaspi bank – 63,3%, Халық банкте – 62,4%. Банктердегі ахуал алдағы уақытта ауырлауы мүмкін. 2015 жылдың 15 шілдесінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов доллар бойынша дәлізді 170-188 теңгеден 170-198 теңгеге дейін кеңейтілетінін мәлімдеген еді. Қазақстан экономистер қауымдастығының атқарушы директоры Олжас Құдайбергенов "валюталық дәлізді өзгерткенмен, ол салымдарды долларландыру күшейеді деген сөз емес" дейді. «Валюталық депозиттерге қарағанда теңге депозиттерінің табыстылығы жоғары. Егер валюталық дәліз бойынша теңгенің ай сайын 1 теңгеге әлсіреуі болатын болса да, теңге депозиттерінің табыстылығы 2 пайыздан жоғары болады. Әйтсе де, мұнай бағасының түсуіне байланысты теңгені неғұрлым белсендірек түсірген де дұрыс шығар. Бұл жағдайда доллардағы депозит тиімдірек болады. Салымдардың долларлануына кедергі болатын бір жағдай - теңге кепілдігі. Бұл құрал теңге депозиттерін девальвациядан қорғап қана қоймай, оларға қатысты жоғары табыстылықты қамтамасыз ететін болады. Теңге кепілдігі қабылданбайынша, депозиттерді долларландыру қаупі жоғары болып қала бермек», - дейді экономист. Олжас Құдайбергенов теңгеге деген сенімді өсіру үшін Ұлттық банкке 2015-2020 жылдарға ұзақ мерзімдік теңге депозиттеріне курстық айырмасына кепілдік беруін ұсынған болатын. Теңге кепілдігін бір жылда 6 пайыздан артық мөлшерде әлсіреп кеткен жағдайда енгізу керек деген еді. 2014 жылы ресми инфляцияның төменгі дәлізі 6 пайызды құраған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бағалау мәліметтеріне орай, мұнай бағасы 50-60 доллар болғанда, инфляция 6-8 пайыз болады.

Похожие материалы