Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банктердің депозит қоржыны 115 млрд теңгеге өсті

Банктердің депозит қоржыны 115 млрд теңгеге өсті

2015-2014 жж ақпан айында банктердің жиынтықты депозиттік қоржыны болғаны 115 млрд теңгеге өсті. Мәселен, 2014-2013 жж ақпанында салымдар өсімі 1,9 трлн теңге болды. 35 екінші деңгейлі банктің (ЕДБ) 18-нде оң көрсеткіш.

2015 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша банктердегі салымдардың жалпы көлемі 10,9 трлн теңге болды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 10,7 трлн теңгені қамтыған еді деп жазады rankings.kz.

Салымдардың ең жоғары өсімін Цеснабанк қамтамасыз етті - банктің қоржыны 198 млрд теңгеге, 967 млрд теңгеге дейін өсті. Содан соң Kaspi bank. Жыл қорытындысы бойынша банк салымдары 187 млрд теңгеге, 700 млрд теңгеге дейін өсті. Үшінші орында RBK банк тұрақтады - қоржын 185 млрд теңгеге, 374 млрд теңгеге дейін өсті.

Ірі ойыншылармен қатар үздік ондыққа Fortebank (+111 млрд теңге) мен ЦентрКредит банкі (+84 млрд теңге) кірді.

Похожие материалы