Алматы. 26 шілде. 7kun.kz — Нарықтағы өзгерістерге қарамастан қазақстандық банктердің кірісі көбейді. 2017 жылдың 1 тоқсанында жалпы кіріс көлемі 204 млрд теңгені құраған. Бұл 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғары.
Нарықтағы 33 банктің ішінде 29-ы кіріс бойынша жақсы өсім көрсеткен. Былтыр 34 банктің 31-інің кірісі жоғары болған еді.
Кірісі ең көп банктер көшін Халық банк бастап тұр. Қаңтар-маусым аралығында банктің кірісі 77,7 млрд теңге болған. Бұл былтырғы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 18 млрд теңгеге немесе 31,5 пайызға жоғары.
Екінші орында – Қазкоммерцбанк. Биылғы 1 тоқсандық кірісі 34,4 млрд теңге. Алайда соңғы бір жылда 2016 жылмен салыстырғанда банктің кірісі минус 25,5 млрд теңге немесе минус 42,3 пайызға қысқарған.
Үшінші орында – өткен 6 айда кірісі 20,4 млрд теңгені құраған Kaspi Bank тұр. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 8,1 млрд теңгеге артық. Былтыр бұл көрсеткіш 12,4 млрд теңге болған еді.
Былтыр үшінші орында Ситибанк болған еді. Биыл ол бесінші орынға төмендеп, оның орнына Kaspi жайғасты.