Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банктерге Ресей рублін сыртқа қолма-қол әкетуге рұқсат берілді

Банктерге Ресей рублін сыртқа қолма-қол әкетуге рұқсат берілді

Нұр-Сұлтан. 25 шілде. 7kun.kz – Ел Үкіметі 2022 жылғы 18 шілдеде «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Екінші деңгейлі банктерге 2022 жылғы 1 шілдеде сағат 23:59-ға дейін деректер кассаларында жинақталған көлем шегінде 2022 жылғы 31 тамызға дейін қолма-қол ресей рублін Қазақстан Республикасынан шығаруға рұқсат етілсін», – делінген құжатта.

Айта кетейік, 2022 жылғы наурызда Мемлекет басшысы елден 10 мың доллардан асатын шетел валютасын әкетуді шектеу туралы жарлыққа қол қойды. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, бұл шара қолма-қол шетел валютасына алыпсатарлық сұраныс қысымын төмендетуге және елден шетел валютасын экспорттау тәуекелдерін теңестіруге мүмкіндік берді.

Похожие материалы