Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БАҚ-қа арналған мемлекеттік тапсырыстың шарты өзгереді

БАҚ-қа арналған мемлекеттік тапсырыстың шарты өзгереді

Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанда 2020-2023 жылдарға арналған ақпарат саласын дамытудың ұлттық жоспарын әзірлеу және қабылдау ұсынылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

Дәурен Абаевтың айтуынша, ведомствоның стратегиялық міндеттерінің бірі - ақпарат саласын дамытудың үш жылдық ұлттық жоспарын қабылдау.

"Құжат аясында қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Көптеген шаралар пысықталып жатыр, бірақ олардың контурын қазір жариялау мүмкін деп ойлаймын. Біріншіден, біз мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіреміз. Бұл үшін мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың тетіктері қайта қаралады. Біз нарықтық тарифтерді енгізу есебінен емес, сапаға ұмтылатын боламыз", – деді ол.

Сонымен қатар, мемлекет халық арасында нақты сұранысқа ие мультимедиялық контентті, жарияланған мәтіннің саны ғана емес, оны интернетте жылжытуды субсидиялайды.

Екіншіден, ведомство коммерциялық телеарналар мен радиостанцияларға цифрлік эфирлік хабар таратуда өз орындарын таба алатындай қолдау көрсетуге ниетті, деп түсіндірді министр.

"Үшіншіден, біз 2021 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың орындалу тиімділігін бағалау үшін теле-, радиоарналар мен интернет-ресурстар аудиториясының медиа-өлшеу жүйесін әзірлейтін боламыз. Төртіншіден, интернет теледидарды реттеу бойынша нормаларды әзірлеу басталады", - деді Абаев.

Өз кезегінде, ол өткен жылы министрлік БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуге бағытталған заң жобасын әзірлегенін атап өтті.

Похожие материалы