Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«BAQYLA» қозғалысы 25 қалада 3 мыңға жуық учаскені бақылайды

«BAQYLA» қозғалысы 25 қалада 3 мыңға жуық учаскені бақылайды

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz –  «BAQYLA» Қоғамдық қозғалысы елімізде 2023 жылдың 19 наурызы күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен маслихаттар сайлауында елішілік тұрақтылық пен сайлау процедураларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін сайлау учаскелерін қамтитын өңірлік штабтарда бақылаушылық жасайды.

Аумақтық бақылаушылар желісі жұмысы Алматы қаласындағы Орталық штаб пен еліміздің 17 қаласында орналасқан өңірлік штабтар арқылы жүргізіледі.

Қоғамдық қозғалыс 2022 жылғы кезектен тыс президент сайлауында 27 қалада дауыс беру барысын қадағалау жұмысын сәтті атқарды.

Ал биылғы ҚР Парламенті Мәжілісі мен маслихаттар сайлауында проблемалы қалалар мен маңызды бақылау учаскелеріне баса назар аударып, 25 қаланың 3 мыңнан астам сайлау учаскелерін таңдап отыр.

Сондай-ақ азаматтық сектор мен ҮЕҰ желілерінен бақылаушылар тарту көзделуде. Бақылау желілерінің басшылары мен өңірлік үйлестірушілеріне сайлау процесін бақылау теориясы мен практикасы бойынша арнайы курстар ұйымдастырылады. Оқыту ZOOM конференциясы және оффлайн кездесулер арқылы жүргізіледі.

Сайлау күні орталық штаб еліміздегі сайлау учаскелеріндегі жағдайды баяндап, сағат сайын брифингтер өткізеді, өңірлерден онлайн трансляциялар ұйымдастырады, әлеуметтік желілерде посттар мен бейнелерді жариялайды және тираждайды, жалған ақпараттарды анықтайды, ерекше жағдайларға түсініктеме береді, жалпы, дауыс беру барысы мен сайлау қорытындылары туралы қоғамдық пікір қалыптастырады.

Похожие материалы