Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Астанаға әкім тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бақыт Сұлтанов бұған дейін қаржы министрі қызметін атқарды.
Ал кеше қаланың бұрынғы әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешев ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған болатын.