Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бақытгүл Хаменованың ісі: Рысқалиев оған жала жапқанын айтты

Бақытгүл Хаменованың ісі: Рысқалиев оған жала жапқанын айтты

Атырау. 14 қазан. 7kun.kz Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты кезекті сот отырысында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев тергеу кезіндегі бастапқы сөзінен бас тартты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бақытгүл Хаменованың ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр.

«Мен тергеуде жауап берген кезде есеңгіреп, қатты күйзелісте болдым. Сол кезде Антикор қызметкерлерінің бірі келіп, бұл қаржы облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға арналған деп көрсетіп беру керек екенімді айтты. Егер мен осылай көрсетсем, қорғалу құқығы бар куә болып қалатынымды түсіндірді. Бұл үшін жауапкершілікке тартылмайтынымды ескертті. Антикор қызметкерінің нақты кім екенін айта алмаймын, оларды танымаймын», – деді Ақылбек Рысқалиев.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова 2021 жылдың 22 желтоқсанында қамауға алынды. Ол 10 желтоқсанда Атырауда Абай ескерткішін 145 млн теңге сомасында дайындау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Алғашында ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін Атырау тергеу соты үйқамаққа алуға санкция берді. Бірақ кейіннен облыстық прокуратураның ұсынысы бойынша бұлтартпау шарасы қатаңдатылды.

Похожие материалы