Атырау. 31 мамыр. 7kun.kz – Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды 7kun.kz.
«26 мамырда Атырау қаласы №2 сотының өндірісіне Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс келіп түсті», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова өткен жылдың желтоқсан айында Абай ескерткішін орнату үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.