Атырау. 21 шілде. 7kun.kz – Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың сот отырысы тамызда басталады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Осыған дейін бірнеше рет кейінге қалдырылған Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамызда басталады. Сот отырысы ашық өтеді», – деді облыстық сотта.
Хаменованың соты соты маусымнан бері бірнеше рет кейінге қалдырылды.
Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова 2021 жылдың 22 желтоқсанында қамауға алынды. Ол 10 желтоқсанда Атырауда Абай ескерткішін 145 млн теңге сомасында дайындау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Алғашында ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін Атырау тергеу соты үйқамаққа алуға санкция берді. Бірақ кейіннен облыстық прокуратураның ұсынысы бойынша бұлтартпау шарасы қатаңдатылды.