Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бақытжан Сағынтаев Daewoo Bus Kazakhstan зауытында болды

Бақытжан Сағынтаев Daewoo Bus Kazakhstan зауытында болды
Алматы. 10 қазан. 7kun.kz - Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Семейдің өнеркәсіптік нысандарын аралап, отандық машина жасаудың дамуымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz Өңірдің индустриялық дамуымен, атап айтқанда машина жасау саласымен танысу аясында премьер-министр "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС және "СемАЗ" ЖШС-де болды. Бақытжан Сағынтаев автоқұрастыру зауытының жұмысын толығымен қарап шықты. Daewoo кәсіпорны қалалық және қала маңындағы жолаушылар автобустарын шығаруға маманданған. "2017 жылы 3 млрд теңгеге 136 автобус шығарылды. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 2,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді: 82 Daewoo автобусы шығарылды, бұл өткен жылдың деңгейінен 7,9%-ға жоғары», - деді "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС Бас директоры А. Досқожанов. Кәсіпорын бәсекеге қабілетті тауарлардың өндірісі мен экспортына бағытталған. Бүгінгі күні өнім ішкі нарықта және Кеден одағы мен ТМД елдерінде сұранысқа ие болып отыр. А. Досқожановтың айтуынша, компания "Беларус" тракторларын және жүк автомобильдерін шығаруға маманданған. 8 айда 4,2 млрд теңгенің өнімі өндірілді. 170 "Беларус" тракторы, 186 жүк көлігі, оның ішінде 74 SHACMAN жүк автомобилі шығарылды. Айта кетсек, ШҚО жалпы өңірлік өнім құрылымында өнеркәсіп үлесі 31,8%-ды құрайды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2017 жылы 1581,5 млрд теңгені құрады.

Похожие материалы